Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 244-бабының талабына сәйкес мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 5 «Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 11-12 –тармақтарына сәйкес өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап жергілікті атқарушы органға беріледі және талап қою бойынша іс жүргізу 8 тәртібімен қаралады. Егер құрылыстың сақталуы басқа тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқпаса немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, мұндай талаптар қанағаттандырылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар құрылысы аяқталған объектілерді мемлекеттік қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың рұқсаттарымен расталуы қажет.

Осындай мақсаттарға арналып бөлінбеген жер учаскесінде өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап аталған жер учаскесі талапкерге заңда белгіленген тәртіппен берілетін жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін.

Сондықтан істі сотта қарауға дайындау кезінде судья талапкерге жер учаскесі оған берілетіндігі, құрылыстың сәулет және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелерді келтіруге ұсыныс жасауы керек. Әкімнің және уәкілетті органдардың жер учаскесін талапкерге беруге келісімі туралы және құрылыстың нормалар мен ережелерге сәйкес келетіні туралы ұсынған құжаттары осындай дәлелдемелер бола алады

Бұл санаттағы істер бойынша біркелкі сот тәжірибесі қалыптасқаны, талапкерге жер учаскесі оған келешекте берілетіндігі, құрылыстың сәулет және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелер болған жағдайда талап арыздар қанағаттандырылып отырған.

Жоғарыда көрсетілгендей АК-нің 244-бабына сәйкес өз бетінше салынған құрылыс ретінде құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік танылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 16.07.2015 жылғы шешімімен өз бетімен салынған тұрғын үйіне иелену мерзімін қолданып меншік құқығын танып беруді сұраған М.Т.-ның талабы қанағаттандырусыз қалдырылған. Талапкер 2009 жылы Шымкент қаласы Ақжар шағын ауданы Тәуелсіздік көшесі №31 жер теліміне тұрғын үй соғып, содан бері тұрып келетінін, адал, ашық, ұдайы міндетті салықтарды төлеп пайдаланып келетінін көрсеткен. Сотта Шымкент қаласының жер комиссиясының 04.06.2015 жылғы №17/93 қорытындысымен оған тұрғын үйі орналасқан жер телімін беруден бас тартылғаны анықталған. Сондай-ақ, сот мәжілісінде талапкер жағы Әділет департаментінен, «ЖерҒӨО» РМК Шымкент қалалық бөлімшесінен жылжымайтын мүлікті пайдаланушының құқық куәландыратын анықтамаларын, өрт сөндіру, санэпидстанция және өзге де өкілетті ұйымдардың аталған жылжымайтын мүліктің өмірге қауіпсіз және азаматтардың өміріне қауіпсіз екенін дәлелдейтін құжаттар және келісімдерін, сондай-ақ тұрғын үйдің қала құрылыс, құрылыс талаптарына сәйкестігін растайтын тиісті өкілетті ұйымның қорытындысын, көршілерінің нотариалды куәландырылған жер телімінің шекарасына қояр даулары жоқтығын растайтын арыздарын сотқа тапсырмаған. Әрі, жылжымайтын мүлік мемлекеттік қабылдауды жүзеге асыратын органның рұқсатымен расталмаған. Сол себепті, сот талапкердің Шымкент қаласы Ақжар шағын ауданы Тәуелсіздік көшесі №31 жер телімінде орналасқан жалпы көлемі 141,61 м² тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызын жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты негізсіз деп есептеп, қанағаттандырудан бас тартқан.

імімен талапкер Ж.Т.-ның жауапкер Қоянды ауылдық округі әкіміне өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған. Зерделеу көрсеткендей, Қоянды ауылы 4бш/а, 228-учаскесі мекен-жайында орналасқан жер учаскесін Ж. Т. 2012 жылдан бері иеленіп келген. Бүгінгі күні уақытша құрылыс тұрғызылған. Талапкер жер учаскесін «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінен алғанымен негіздеген. 2012 жылғы 25 қаңтардағы Қоянды ауылдық округі әкімінің №16 өкімімен оралмандар қоғамы «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігіне тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге Қоянды ауылында жалпы көлемі 0,6028 га 2 жылға уақытша жер пайдалану құқығы берілген. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 22 сәуірдегі заңды күшіне енген шешімімен Қоянды ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №16 және №18 «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігіне жер учаскелерін беру туралы өкімдері заңсыз деп танылып, күштері жойылған. Жер кодексінің 43-бабына сәйкес, Ж. Т.-ның мемлекеттен жер алу өтініші 2014 жылдың 15 мамырында беріліп, жергілікті атқарушы органда 2014 жылдың 22 мамырында тіркеліп, аудандық жер қатынастары мекемесіне жер беру комиссиясының қаралуына жолданған.

Жер беру комиссиясының 2014 жылғы 10 маусымдағы №10 хаттамасы негізінде 2014 жылдың 07 қазанында өтініші арнаулы есепке қойылған. Яғни, өтініші қаралуда, жер беру туралы шешім қабылданбаған.

АК-нің 244-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес, өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адамға белгiленген тәртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.

Жергілікті басқару органы бүгінгі күні жер учаскесін белгіленген тәртіппен беруден бас тартып отыр, сонымен қатар, талапкер өз бетімен салынған құрылыстың сәулет және қала құрылысы заңнамасына сәйкестігін дәлелдейтін құжатын ұсынбады, деген негізбен сот заң талаптарына қайшы шешім қабылдай ала алмайды, қазіргі таңда талап қанағаттандырылуға жатпайды, деп тұжырым жасаған.

Алайда, мүліктің меншік иесі қайтыс болған кезде иелену мерзімін қолданып мүлікке меншік құқығын тану туралы, мүліктің меншік иесі бар болған кезде онымен жасалған мәмілені жарамды деп тану туралы талап қаралатынын ескеруі тиіс.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақта...

Толық оқу »

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралы

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүд...

Толық оқу »

Қосымша пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қосымша пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Медетова А.М.​Шұғыла шағын ауданы,34...

Толық оқу »

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралы

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою...

Толық оқу »

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су...

Толық оқу »

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы А.М.Медетоваға​Шұғыла шағын ауданы,3...

Толық оқу »

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйы...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы2025 жылғы 28 мамыр №6001-25-00-3ГП/161 Қ...

Толық оқу »

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар"Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері тур...

Толық оқу »

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жү...

Толық оқу »

Пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Н.Қ. Урстембай​Шұғыла шағын ауданы,347/1​1+...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралы

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұ...

Толық оқу »

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою20 тамыз 2025 жыл №7599-25-00-2а/6263 Алматы қалалық сотының азаматтық істе...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу2024 жылғы 08 тамыз №7585-24-00-2/581 іс Алматы қал...

Толық оқу »

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптар

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптарАІЖК – нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес талап қою бағасы: жылжымайтын мүлік объектіле...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралыТалап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылы...

Толық оқу »